Израильдің Хайфа қаласының «Маккаби» командасы Еуропа лигасының топтық сайысындағы 2-тур ойынын Қарағандының «Шахтерімен» өткізу үшін бүгін Астанаға чартерлік рейспен ұшып келді. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады.Командамен бірге мұнда клубтың демеушілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де жетті. Команда капитаны Янив Катан келген бойда жергілікті журналистерге ұшудың жақсы өткенін, жағдайларының қалыпты екендерін мәлімдеді. Ал ойын туралы ойларын ертең матч алдындағы баспасөз мәслихатында айтатынын білдірді. Екі команда арасындағы кездесу, ертең 2 қазан күні «Астана-Арена» спорт кешенінде өтеді. Матч Астана уақытымен 22:00 сағатта басталады. Ол тікелей эфирден көрсетіледі.Дамир Қожамқұл.
Бөлісу:
Футбол. Израильдің «Маккабиі» Астанаға ұшып келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар