Аймақтар
1 мин оқу 340

Мақтааралда бос жұмыс орындарының жылжымалы жәрмеңкесі ұйымдастырылуда

<p style="text-align: justify;">Мақтаарал ауданында бүгінде құрылыс қарқын алған. Яғни құрылыс саласы мамандарына сұраныс бар.</p>

Мақтааралда бос жұмыс орындарының жылжымалы жәрмеңкесі ұйымдастырылуда

Осы орайда ауданда бос жұмыс орындарының жылжымалы жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Шараның мақсаты – топан судан зардап шеккен ауылдардың тұрғындарына арналып Мырзакент кентінің шығыс жақ бетінде салынып жатқан жаңа шағын аудандағы тұрғын үй құрылысына қажетті  жұмысшыларды тарту.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары  2 кент және 9 ауылдық округті аралап, тұрғындарға бос жұмыс орындарын ұсынуда.  Жылжымалы жәрмеңке барысында 32 мердігер мекемеге қажетті әртүрлі жұмыс ұсынылуда.  Жұмысшыларға жалақы келісім түрінде төленетін болады.

Мәселен, қабырға өрудің бір шаршы метрі 7 мың теңге,  шатыр жабу 1.5- 2 мың теңге арасында, сеймобелдеу құюдың шаршы метрі 1.5 мың теңге шамасында төленеді.  Мақтаарал аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Жақсыбек Тоқбергеновтің айтуынша, жылжымалы жәрмеңке алдағы уақытта да өткізілетін болады.

Бөлісу:
Мақтааралда бос жұмыс орындарының жылжымалы жәрмеңкесі ұйымдастырылуда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар