Руханият
1 мин оқу 535

Көрнекті әдебиетшінің туғанына – 80 жыл

<p style="text-align: justify;">28 мамыр күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалымен бірлесе отырып, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әдебиеттанушы, академик, &nbsp;филология ғылымдарының докторы Рымғали Нұрғалидың туғанына 80 жыл толуына орай &laquo;Қазақ руханиятының ардакүреңі&raquo; атты ғылыми академиялық сұхбат өткізіледі.</p>

Көрнекті әдебиетшінің туғанына – 80 жыл

Ғылыми академиялық сұхбатта әдебиетшінің өмірі мен қызметі жөнінде естеліктер мен ғылыми мұрасын насихаттауды қарастырған тың мәселелер айтылады.

Көрнекті ғалым Рымғали Нұрғалидың туғанына 80 жыл толуына арналған шараға ғалымдар, ақын-жазушылар мен әдебиет сыншылары, Қазақстан кітапханалары қатысады деп күтілуде.

Атап айтсақ, сұхбатта Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Мұңалбаева, ақын, Жазушылар одағының  Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің кеңесшісі  Ермек Аманшаев, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, ҰҒА академигі, фольклортанушы ғалым Сейіт Қасқабасов, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әлібек Асқаров, жазушы-публицист Сұлтан Оразалин және тағы да басқа ғалымдар мен жазушылар баяндама жасамақ.

Онлайн-сұхбат Zoom.us. платформасында және Ұлттық академиялық кітапхананың фейсбуктегі жеке парақшасында тікелей эфирде өтеді.

Бөлісу:
Көрнекті әдебиетшінің туғанына – 80 жыл · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар