Өнер
2 мин оқу 420

Анжела Жерихтің ізгілікті ирониясы

<p style="text-align: justify;">Анжела Жерихтің суреттерінің ішкі әлемін кейде Феллини мен Бергман фильмдеріндегі кейіпкерлер бейнесінің сиқырымен салыстырады. Әйел жаны туралы айтылған болса мұнымен келісуге де болар еді. Өмірлік тәжірибедегі айырмашылыққа қарамастан, суретші &laquo;өткен дәуірдің суреттерін&raquo;, социалистік реализм стереотиптерінің ретроспективасындағы ізгілікті ирониямен сәтті орындайды.</p>

Айналамыздағы үйреншікті болғаны сонша өзіміз аңғара бермейтін етене көріністер су­ретші қылқаламынан жа­ңа­ша кейіпте өріліп шығады. То­лықша келген арманшыл бикештер, қораздана кеуделеген мырзалар, күншуақтап отырған әжелер дейсіз бе, кейіпкерлер галереясы бай. Оның тағы бір ар­тықшылығы – социалистік реа­лизм көріністеріне тән шектеулерден ада, даңғазалық пен көрінеу жасандылық та­биғатына жат. Кері­сінше, суретші картиналарында теңдік пен үйлесім салтанат құрады, авангардизм мен ли­рикалық толғаныс әзілге иек артады. Ав­тор олардың әрқай­сысына жа­на­шырлықпен қарап қана қой­майды, өзгеше өмір сыйлайды.

1

– Сюжеттер жол-жөнекей туады. Көбіне троллейбус­та жү­ремін. Адамдар аяз құрсау­лаған терезенің саңылауынан сығалай тесірейіп, теңселеді. Әлдебір мадам кіреді де, буланған көз­әйнегін сүрткіштейді. Мұндай көріністен қалай сырт қаласың? – дейді баспасөзге берген сұх­батында.

Суретші туындыларының өзге­шелігіне әралуан сюжет­тік мотивтердің, дара стиль­дік ма­шық пен тұспалды пайымдау­ларының орнықты сипатталуын жатқызар едік. Мәселен, «СССР-ға саяхат» сериялы туындысында социалистік өмірден мұраға қалған жасампаздықты кейіп­керлерінің бас-басына лайық­тап үлестіріп береді. Дәуір шын­дығын қайта ойластыра отырып, әзілмен ұсынады.

«Менің балалық шағым сол жерде, кеңес дәуірінде өтті. Көбі ойлағандай мен СССР-ді жақындатпаймын да, мадақ­тамаймын. Бұл – балалық шаққа қайта оралу! Мысалы, пирожки мен алма толтыра шелек ұстаған пойыздың сатушылары несімен ерекшеленеді?» деген автор жергілікті типаждардың бейнесі арқылы кеңестік түсініктегі ор­тақ ұстанымдарды көрсеткісі кел­генін айтады.

Ізденіс жолында батыл­ды­ғымен көзге түсетін Анжела Же­рихтің шығармашылығының негізгі нысаны – адам. Өмірге деген ирониялық көзқарасы сұл­­ба­лардың арғы жағынан шы­найы рухани мазмұнды кө­руге жетелейді. Ол сомдаған әйелдердің бейнесі жеке сипат­тағы сюжеттік идея­мен басталып бір арнаға келіп тоғысады. Әдеттегі қалыпқа сыя бермейтін кереғар қайшылықтарды ли­ри­калық элементтермен оңай сіңіреді. «Бір билет», «Сені кү­темін», «Өткен мен бола­шақ­тың арасында», «Анжела парадқа барады» атты бірегей туындыларында мінез, көрік, тағдыр үштағаны уақыт қозғалысында көрініс табады. Анжела Же­рихтің шеберлігі сол өткен шақтың сағынышты елесін өзіне тән нәзік тұспалдар арқылы ер­тегі тіліне айналдырады.

5

Живопистік туындының маң­дайын жарқыратып жібе­ретін зор бақыты француздың әйгілі суретшісі Эжен Делакура айтқандай, өз көрерменін қа­рата білуінде деген пікірге сая­тын­дығы рас. Бүгінгі өнер­сү­йер қауымды Анжела Жерих за­­манның әрқилы тыныс-тір­шілігіне сыншыл көзқараспен үңілген соны туындыларымен қуанта береді деген сенімдеміз. Қазіргі таңда автордың жұмысы туған өлкесі Украинадан тыс жеке коллекцияларда, Жапония, Санкт-Петербург, Мәскеу, Нью-Йорк өнер мұражайларында сақ­таулы.

Бөлісу:
Анжела Жерихтің ізгілікті ирониясы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар