Экономика
2 мин оқу 124

Халық үнемдеуге көшті

<p style="text-align: justify;">Сәуір айында сауда желілерінің, бизнес орталықтарының жабылуына, қозғалыстың шектелуіне байланысты қолма-қол ақшасыз, карточкамен жасалған төлемдердің жалпы көлемі сәуір айында айтарлықтай төмендеді. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы хабарлады.</p>

Халық үнемдеуге көшті

Биыл алғашқы үш айда карточкамен жасалған төлем көлемі үздіксіз өскен болатын. Сәуір айында бұл оң динамика күрт төмендеп, 18 пайызға, яғни 1 763,7 млрд теңгеге құлдырады. Со­ған қарамастан, былтырғымен салыстырғанда көрсеткіш 2,1 есе жоғары екенін айта кету керек. Былтыр сәуір айында бұл 839,7 млрд теңге болған еді.

Республика бойынша қолма-қол ақшасыз жасалған операция­лар көлемі бойынша алдыңғы орында Алматы қаласы тұр. Одан кейінгі орынға Нұр-Сұлтан мен Түркістан облысы жайғасты. Өсім динамикасы бойынша да осы үш өңір көш бастап тұр.

– Жалпы, халықтың қолма-қол ақ­шасыз төлеген «орташа че­­гінің» көлемі сәуір айында 12 976 теңгені құрады. Яғни нау­рыз айындағы 13,279 теңге­ден аздап төмендегені бай­қал­ды. Ал бан­коматтан алған қара­жа­тының орташа сомасы – 50 875 теңге, – делінген қауым­дас­тық тарат­­қан ақпа­ратта. Қазақ­стан­дық­­тар­дың үнем­деуге көшке­нін осы көр­сет­кіштерге қарап білу­ге болады.

Сәуір айында POS-терминал арқылы жасалған төлемдердің жал­пы сомасы 35,1 пайызға азайып, 292,3 млрд теңгені құра­ғаны анықталды. Ал интернет ар­қылы тө­лемдер көлемі 12,9 пайызға азайып, 1 462,1 млрд тең­ге болды. Осылайша жалпы қол­ма-қол ақшасыз жасалған төлем­дердің басым бөлігі, яғни 82,9 пайызы интернет арқылы жасал­са, 16,6 пайызы POS-терми­нал арқылы төленген.

Қазақстан қаржыгерлер қа­уым­дастығының хабарлауынша, уақыт өткен сайын POS-тер­минал арқылы жасалған транзакция көлемі құлдырап барады. Соңғы 12 айда 18 пайызға төмендегені осыны көрсетіп отыр.

Халықтың төлем қабілетіне ұлттық валютаның долларға шақ­қандағы бағамы да әсер ететіні түсі­нікті.

Кеше Brent баррелі 36 доллардан көтерілген-ді. Сәйке­сінше KASE-нің күндізгі сессия­сында ұлттық валютамыз 411,6 теңгеден саудалана бастады.

Бөлісу:
Халық үнемдеуге көшті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар