Аймақтар
1 мин оқу 313

Қарағанды облысы: 49 адам COVID-19 жұқтырды

<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысында өткен тәулік ішінде 49 адамның COVID-19 жұқтырғаны ПТР-зерттеу негізінде анықталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.</p>

Қарағанды облысы: 49 адам COVID-19 жұқтырды

Дертке шалдыққандар бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде және скрининг барысында анықталды.

Пациенттердің басым көпшілігі, яғни 32 адам Қарағандының тұрғындары. Ауырғандардың арасында Теміртау қаласында тұратын алты адам, Саран қаласының бес тұрғыны бар. Сондай-ақ Жезқазған қаласының бір және Шет ауданының бес тұрғыны да індет жұқтырған.

Науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Қазіргі уақытта ауырғандардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, емдеу жүргізілуде. Жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілді.

Бүгінге дейін жеткен мәліметке сай, Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 754 оқиғасы тіркелген. Үш науқас «жаман тұмаудан» қайтыс болды және 204 адам сауығып шықты. 

Бөлісу:
Қарағанды облысы: 49 адам COVID-19 жұқтырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар