Білім
1 мин оқу 175

Павлодар облысында биыл 3770 оқушы мектеп бітіреді

<p style="text-align: justify;">Облыстық білім сапасын бақылау департаментінің мәлметінше, биыл облыс бойынша 3770 оқушы мектеп бітірмек. Олардың қатарында &laquo;Алтын белгіге&raquo; үміткер 189 түлек, үздік аттестатқа үміткер 151 бітіруші бар.</p>

Павлодар облысында биыл 3770 оқушы мектеп бітіреді

Биыл  3250 талапкер (қазақ тілінде білім алатындар саны-1693, орыс тілінде білім алатындар саны-1538) ҰБТ тапсыруға өтініш берген.

Ал, облыс орталығындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 19 түлегі шет тілінде ҰБТ тапсырады. Ұлттық бірыңғай тест 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Еліміздегі барлық мектептердегі сияқты өңірімізде де соңғы қоңырау салтанаты  онлайн режимде өтеді.

Сонымен бірге «Ел Арна»,«Балапан» телеарналарында 11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдарлау бойынша бірыңғай телесабақ ұйымдастырылды. Ал 25 мамырда сағат 11.00-де онлайн-трансляция арқылы  Білім және ғылым министрі шәкірттерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

Сондай-ақ осы жылы түлектер кеші болмайды. Барлық  мерекелік шараларға тиым салынған.  Мектеп бітірушілер үшін аттестат тапсыру және соңғы қоңырау рәсімі 3-4 маусым күндері санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізіледі. Мектепке ата-аналардың да келуіне рұқсат беріледі.  Бірақ шара әр сыныпта жеке өткізіледі. Мәселен, 30-40 минуттың ішінде бір сынып қатысса, одан кейін сәл үзіліс жасап екінші сыныптың түлектері шақырылады.

Павлодар облысы

Бөлісу:
Павлодар облысында биыл 3770 оқушы мектеп бітіреді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар