Аймақтар
1 мин оқу 244
Жітіқарада жаңа туған баланың мәйіті табылды
<p style="text-align: justify;">Қызылшақа сәбидің жансыз денесі Жітіқара қаласының зиратынан табылған. Бұл туралы хабар аудандық полицияға 27 мамыр күні кешкілік келіп түседі.</p>

«Баланың мәйітін қарау барысында денесінде көзге түсерлік зақымдар анықталмады. Аталған оқиға Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне тіркеліп, сараптама тағайындалды. Қазір жаңа туған баланың анасын, сондай-ақ куәларды анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Жас босанған ана табылып, қылмысы анықталса 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін» - деп хабарлады облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Қостанай облысы
Бөлісу: