Спорт
1 мин оқу 650

Головкиннің келесі жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

<p style="text-align: justify;">Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегі АҚШ-тың Чикаго қаласында ұйымдастырылады. Бұл туралы әйгілі The Ring басылымы хабарлады.</p>

Головкиннің келесі жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

Иллинойс штатында өтетін бокс кешінде отандасымыздың қарсыласы польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болмақ. Әзірше жекпе-жектің нақты датасы белгісіз. Бірақ Головкиннің промоутері Эдди Хирн бұл айқасты тамыз айында өткізуге ниетті екенін айтты.

Айта кетейік, екі боксшы арасындағы жекпе-жек ақпан айынан бері түрлі себептермен бірнеше рет кейінге қалдырылған. Головкин-Шеремета кездесуінде отандасымыздың IBF чемпиондық белбеуі бәске тігіледі.

Бөлісу:
Головкиннің келесі жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар