Аймақтар
1 мин оқу 355

Полиция саласына жастар қызығушылығы артып келеді

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысы Полиция департаментіне &nbsp;өндірістік практикадан өтуге келген ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 12 курсанты қорытынды мемлекеттік аттестаттауды қашықтықтан оқыту форматында &laquo;Платонус&raquo; автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қолдана отырып, онлайн режимінде тапсыруда. Шараны ұйымдастыруда департаменттің кадр саясаты басқармасы тарапынан көп көмек жасалды.</p>

Полиция саласына жастар қызығушылығы артып келеді

Осы мақсатта департаменттің Жедел басқару орталығының конференц- залында компьютерлік сынып жасақталып, интернет байланыспен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, Полиция департаментінің тергеу, жедел-криминалистика, өзіндік қауіпсіздік басқармасының тәжірибелі қызметкерлері мемлекеттік аттестауда адалдық принципінің сақталуын қадағалауда.

Полиция қатарында болуға сұраныс артып келеді. Парасатты, ынтасы бар жас қызметкерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде, - дейді Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нәлібаев Пазылбек Машбекұлы.

Бөлісу: