Аймақтар
1 мин оқу 480

Ақтауда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

<p style="text-align: justify;">2019 жылы абаттандыру жұмыстарын тендер қорытындысы бойынша &laquo;Алаш Констракшн&raquo; ЖШС жеңіп алып, қала аумағындағы тіреу қабырғаларын сырлау, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін сырлау және күтіп ұстау, балалар ойын алаңдарымен спорт алаңдарына сырлау жұмыстарын жүргізді.</p>

Ақтауда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Сонымен қатар, қала аумағындағы ескерткіштерді жуу, шағын сәулет нысандарын сырлау, жаяу жүргіншілер жолдарын күтіп ұстау жұмыстарды атқарды, деп хабаралйды Ақтау қалалық әкімінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 2019 жылы Ақтауда 8 балалар алаңы орнатылды. Сондай-ақ, 2019 жылы 4 спорт алаңы жөнделді. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен 41 692 мың теңге қаралған. Мердігер мекеме «Жаңа түбек» ЖШС, мекен-жайлары: 32а ш/а – 29 үй алдына жаңадан орнатылды, 32а ш/а – 18 үй алдына жаңадан орнатылды, 29 ш/а – 20 үй алдына жаңадан орнатылды, 11 ш/а – үй алдына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 2020 жылы 6 спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

 

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Ақтауда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар