«Аяла» қайырымдылық қоры мақтааралдық балаларды қуантты
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысының әкімдігінен Мақтаарал ауданынан балалардың Қапшағайға келгенін және оларға киім керек екенін білген «Аяла» қайырымдылық қорының басшылығы әр баланың жасын, бойын және дене өлшемін ескере отырып, 251 жинақтама жасапты.</p>

Жалпы қайырымды жандар 15 млн теңгеге 5-9 сынып оқушыларына 251 жинақтама киім, аяқ киім және кеңсе тауарлары салынған рюкзактарды Алматы облысы Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалып жатқан Мақтаарал ауданының балаларына табыс етті. Балаларға қонаққа қайырымдылық қорының басшылығымен бірге қуанышты көңіл-күй сыйлау үшін әйгілі «Jokeasses» командасының вайнерлері де келді. «Біз киімдерге қосымша мектепте оқуға қажеттінің барлығы салынған жақсы рюкзактар сыйлауды шештік. Демалыстың мұндай тамаша аяқталуы оларға жақсы көңіл-күй сыйлап, бүкіл жазға қуат берді деп үміттенеміз», дейді «Аяла» қорының президенті Айдан Сүлейменова.
Еске сала кетейік, Мақтаарал ауданың балалары «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2 аптадан бері демалуда. Олар ашық бассейнде шомылып, сауықтыру, спорт секцияларында тенниспен, садақ атумен, фитнеспен айналысады. Балалармен білікті педагог-психологтар жұмыс істеді. ТЖБ қашықтан тапсырып, оқу жылын сәтті аяқтады.
Түркістан облысы