Коронавирус
1 мин оқу 155
Алматыда тағы 37 адам Covid-19 жұқтырған
<p style="text-align: justify;">ПТР жүргізілген диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша COVID-19 вирусы 37 адамнан анықталды: олардың 11-і – профилактикалық тексеруден өту кезінде, 15-і – вирусты жұқтырған адамдармен байланыс жасағандар арасында анықталды, 4-і – ауруханаға жатқызған кезінде дәлелденді, 7-і – жұмыс барысында тіркелген.</p>
Барлығы қаланың жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды.
Қазіргі уақытта ауырған адамдардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес емделіп жатыр. Ошақтарда дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілуде.
29.05.2020 ж. жағдай бойынша қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 2499 адам тіркелген, олардың 1451-і сауығып, шығарылды.
Бөлісу: