Әлем
1 мин оқу 552

Louis Vuitton иесінің байлығы $100 млрд-тан асты

<p style="text-align: justify;">Жыл басынан бері Бернар Арно бірнеше рет әлемнің ең бай адамы атанды. Бірақ пандемия салдарынан жағдайы жиі ушығып отырды.</p>

Louis Vuitton иесінің байлығы $100 млрд-тан асты

Дегенмен соңғы аптада Louis Vuitton Moët Hennessy компаниясының иесі өз байлығын $8,1 млрд-қа арттыра алды. Сөйтіп оның жиған-тергені $100 млрд-тан асып түсті.

Осы жөнінде ақпарат берген Forbes.21-28  мамыр аралығындағы өзгерістерді есепке алған. Басылымның хабарлауынша бұған Еуроодақтың экономиканы қолдау жөнінде жаңа шараларды жариялауы әсер еткен. Осыдан кейін LVMH компаниясы акцияларының құны бірден 10% өсіп шыға келген. Сөйтіп Арноның байлығы $103,4 млрд-қа жеткен көрінеді.

Бөлісу:
Louis Vuitton иесінің байлығы $100 млрд-тан асты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар