Әлем
1 мин оқу 216

Илон Маск: Crew Dragon-ның ұшырылуы мультипланеталық адамзатқа қадам

<p style="text-align: justify;">SpaceX басшысы Илон Маск NASA-дағы трансляция барысында ішінде ұшқышы бар Crew Dragon кораблінің ғарышқа ұшырылуын &laquo;адамдардың&nbsp; мультипланеталық түрге айналуы бағытында жасалған бірінші қадамы&raquo;, - деп бағалады.&nbsp;</p>

Илон Маск: Crew Dragon-ның ұшырылуы мультипланеталық адамзатқа қадам

Бұл корабльді адам жасады және адамдар үшін жасады. «Мен дәл осы сәттерде басымыздан өтіп жатқан оқиғаны адамзат мақтаныш етеді деп ойлаймын», - деген ол Crew Dragon-нің ұшырылуы көңілі зерттеушілікке бұратын әрбір адамды бей-жай қалдырмайтындығын жеткізді. Илон Маск өзінің ерекше сезімде екенін жасырмады.

Сонымен қатар ол «жеңісті»  жариялауға әлі ерте екенін мәлімдеді. Енді SpaceX алдында астронавтарды Жерге аман-есен қондыру міндеті тұр. Сонан кейін мұндай ұшуларды жиілету қажет.

SpaceX иесі өзіне қойылған сұрақтарға жауап берді. «Айға қарай ұшу бола ма және ол қашан болады?», - деген сұраққа: «Мен мұндай сапардың екі жылдан кейін жүзеге асуын қалар едім, бірақ ол іс жүзінде төрт жылдан кейін де орындалуы мүмкін», -  деп жауап берді.

Бөлісу:
Илон Маск: Crew Dragon-ның ұшырылуы мультипланеталық адамзатқа қадам · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар