Аймақтар
1 мин оқу 311

Атырауда қоқыс алаңы өртенді

<p style="text-align: justify;">Жыл сайын өртенетін қоқыс алаңы тағы да түтінге оранды. Өткен түнде сағат шамамен 3:30-да тұтанған жалын қоқыс алаңының 100 шаршы метр аумағын шарпыды. &laquo;Арнаулы автобаза&raquo; ЖШС-нің мамандары өртті бүгін таңғы сағат 7:00-дің шамасында сөндірді.</p>

Атырауда қоқыс алаңы өртенді

– Өрт туралы қалалық әкімдікке, төтенше жағдай департаментіне, табиғат қорғау прокуратурасына хабарланды. Серіктестіктің 15 жұмысшысы өртті сөндіруге жұмылдырылды. Сондай-ақ, 6 самосвал, 2 тиегіш, 2 су шашатын техника тартылды.  Осылайша, өрт ауыздықталып, үлкен аумаққа таралған жоқ, -деп хабарлады «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің мамандары.

Атырау қаласынан бес шақырым қашықта орналасқан  қоқыс алаңына 1977 жылдан бері түрлі қалдық төгіледі. Оның жалпы аумағы 35 гектарды құрайды.

Бөлісу:
Атырауда қоқыс алаңы өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар