Венгриядағы Күрес даңқ мұражайында Шәміл Серіков те бар

Венгрияның астанасы– Будапешт қаласындағы Күрес түрлері даңқ мұражайына Олимпиялық ойындардың жеңімпазы, әлемнің екі дүркін чемпионы, грек-рим (классикалық) күресінің шебері Шәміл Серіковтің есімі де енгізілді. Бұл туралы бүгін «ҚазақСпорт» телеарнасы хабарлады.
«Күрес түрлерінен әлем чемпионаты аясында дүниеде теңдесі жоқ палуандар есімдері Күрес түрлерінің даңқ мұржайына енгізілді. Олардың қатарында әлемнің екі дүркін және Олимпиаданың чемпионы қазақстандық Шәміл Серіков бар. Мәскеу Олимпидасының чемпионы грек-рим күресінде барлық мәртебелі жарыстарда топ жарған Шәміл Серіков есімі енді мәңгілікке халықаралық күрес федерациясының даңқ мұражайында алтын әріппен жазылатын болды. Есімдері енген палуандарды кеше салтанатты марапаттау рәсімі өтті. ФИЛА президенті Нанад Лаловичтің қолынан арнайы сертификатты Шәміл ағамыздың ұлы Тимур қабылдап алды. Даңқ мұражайына есімдері енгендер қатарында КСРО балуандары Александр Иваницкий, Сергей Корнилаев пен Виктор Игуменов, сол секілді венгриялықтар Тамаш Гашпар пен Ференц Кочиш, палуан қыздар Кэрол Хвин мен Ирина Мерлени және украиналық Эльбрус Тедеев бар», - деп хабарлады арна тілшісі.
Дамир Қожамқұл.