Жаңалықтар
4 мин оқу 284

Азаптау неге азаймай отыр?

Еліміздегі құқық қорғау орган­дарының төл міндеті – адам мен азаматтардың құқын сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Алайда, бұл тек заңда жазылған ереже ғана. Шын мәнісінде құқық қорғаушылар мен қарапайым азаматтардың арасындағы сенім алшақтығы жер мен көктей екендігі анық. Өйткені, қылмыстық процестегі азаматтардың конституциялық құқықтарын және заңды мүд­делерін сақтау халықтың сенім деңгейін анықтайтын барлық құқық қорғау жүйесінің қыз­метін бағалаудың басты белгі­лерінің бірі болып табылады. Әрбір заңсыз қамаудың және ұстаудың артында адамның және оның отбасының тағдыры тұратыны белгілі. Міне осы мәселелерге байланысты Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуі­мен Бас прокуратураның алқа мәжілісінде қылмыстық қудалау органдарының азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу мәселелері шынайы айтылды.

Еліміздегі құқық қорғау орган­дарының төл міндеті – адам мен азаматтардың құқын сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Алайда, бұл тек заңда жазылған ереже ғана. Шын мәнісінде құқық қорғаушылар мен қарапайым азаматтардың арасындағы сенім алшақтығы жер мен көктей екендігі анық. Өйткені, қылмыстық процестегі азаматтардың конституциялық құқықтарын және заңды мүд­делерін сақтау халықтың сенім деңгейін анықтайтын барлық құқық қорғау жүйесінің қыз­метін бағалаудың басты белгі­лерінің бірі болып табылады. Әрбір заңсыз қамаудың және ұстаудың артында адамның және оның отбасының тағдыры тұратыны белгілі. Міне осы мәселелерге байланысты Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуі­мен Бас прокуратураның алқа мәжілісінде қылмыстық қудалау органдарының азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу мәселелері шынайы айтылды.

Соңғы жылдары елімізде осы саладағы заңдылықты ны­ғайту бойынша заңнамалық және практикалық шаралар қабылданды, азаматтардың құ­қық­­тарын қорғау мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейтілді, азаптау­ды және адамның ар-намысын қорлайтын өзге де іс-әрекеттерді болдырмау бойынша құқықтық тетіктер құрылды. Осы заңдар мен құқықтық тетіктер бойынша азаматтардың құқықтары нақты қорғалуы керек, азаптау және ар-намысты қорлайтын келеңсіз іс-әрекеттер мүлде орын алмау­ы қажет. Бірақ та, А.Дауылбаев атап көрсеткендей, қабылданып отырған шараларға қарамастан, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына қатысты жағдай күрделі күйін­де қалып тұр. Бұған дәлел қылмыстық қудалау органдары жүргізіп отырған жұмыс пен прокурорлық қадағалау тиімділігі жеткіліксіз. Әлі сол, адамдарды заңсыз қудалау, азаматтардың жеке бас бостандығына, тұлға­ның абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұқпаушылық құқығын бұзу фактілерінің орын алуы жалғасуда.

Мәселен, сөзіміз дәлелді бо­луы үшін статистикалық мәлі­меттерге сүйенсек, 2012 жылы және 2013 жылдың бірінші жар­тыжылдығында қылмыстық қудалау органдары 855 адамның конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берген, олардың арасында 104-і заңсыз қамауға алынған, 209-ы заңсыз ұсталған, 372 адам заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал бұл деректердің артында қан­шама жазықсыз жандардың бұзылған тағдыры мен жақын-жуықтарының көз жасы жатыр. Бұған кім жауап беруге тиіс? Ешкім жауап бермейді, айтылады да, қойылады. Ал адамдар болса зардап шегуде, сонда мұны реттейтін біздің елде пәрменді билік жоқ па?

Оны айтасыз, жақсы жұмыс істесін деп жағдайы жақсарған, жалақысы артып, күйлері оңалған қудалау органдары «шаш ал десе, бас ал» дегендей, күшке еніп, қылмыстық іс қозғау туралы 3110 заңсыз қаулы шығарған! Оның прокурорлар тек айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы 189 заңсыз қаулысының күшін жойған. Сөйтіп, қылмыстық қудалау органдарының қызметтік бөлмелерінен дер мезетінде, яғни азапталмай тұрғанда 1311 адам босатылды. Бірақ со­ның өзінде прокурорлар азаптау бойынша 62 қылмыстық іс қозғады. Енді осыған байланысты қудалау органдарының тиісті қызметкерлері жазасын алды ма десек, әлгі азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзғандары үшін 2012 жылы және 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында құқық қор­ғау органдарының 804 лауа­зымды тұлғасы, соның ішінде ішкі істер органдарының 739 қызметкері, бар болғаны тәр­тіптік жауапкершілікке ғана тартылған. Тек өрескел заң бұзу фактілері бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты 119 қылмыстық іс қоз­ғалған.

Уақытша ұстау абақтылары ерекше назар аударуды талап етеді, олардың көпшілігі жертөле және жартылай жертөле үйлерде орналасқан, олардағы жағдай қамалғандарды ұстау стандарттарына сәйкес келмейді. Осыған орай Бас Прокурор өзіне бағынышты прокурорлардан азаптаудың әрбір фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауды және дәлелдерді алудың рұқ­сат етілмеген әдістерін қол­дануға жол берген лауазымды тұлғаларға ең қатал шаралар қолдануды талап етті. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау бойынша жұмыстың барынша тиімділігін қамтамасыз ету, осындай бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуді уақтылы қадағалау тапсырылды.

Құқық қорғау органдарының басшыларына адам құқықтарын бұзу фактілері үшін бағынышты қызметкерлерінің дербес жа­уап­кершіліктерін арттыру қажет­тілігі атап көрсетілді. Осы мақ­сат­тарда әрбір құқық қорғау органында жұмыс нәтижелеріне жауапкершілікті ведомствоның бірінші басшыларына жүктей отырып, азаматтардың кон­ституциялық құқықтарын сақтау жөніндегі ведомстволық комиссиялар құру ұсынылды.

Алқа жұмысына Президент Әкімшілігінің, Жоғарғы Соттың өкілдері, Парламент депутаттары, Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Эко­номикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктерінің, Кеден­дік бақылау комитетінің басшылары мен өкілдері қатысты. Сондықтан бұл бас қосудан енді нақты нәтиже шығатын шығар деп біз де үміт етеміз.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

 
Бөлісу:
Азаптау неге азаймай отыр? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар