Қазанның 2-сі күні түнде Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры ойынын Мәскеуде жергілікті «Спартакқа» қарсы өткізген Астананың «Барыс» командасы алаң иелерін 4:3 (2:1, 0:0, 2:2) етіп жеңді. «Сокольникиде» өткен матчтың 3-минутында қонақтар есеп ашып үлгерді. Оны Роман Старченкодан пас алған Джош Грэттон өз есебіне жазды. Мәскеуліктер 10-минутта есепті теңестірді. Оны Александр Никулин түсірді. Алайда, бұған меймандар көне қойған жоқ. Олар үзіліске дейін Констанин Руденконың арқасында тағы бір шайба соғып, алға шықты.Негізінен «Барыс» бірінші кезеңдегі осы бір шайба артықшылығы арқасында жеңіске жетті. Себебі, келесі екі кезеңда қарсыластар бір-бірінен аса алған жоқ. Екінші кезеңде екі жақ та қақпаны дәл көздей алмады. Ал үшінші кезеңде екі жақтың соққан шайбалары бірдей болды. Алдымен қазақстандық Михаил Рахманов есепті ұлғайтты (3:1). Сосын Майк Ландин «Барыс» сапындағы алғашқы голын соқты (4:1). Кездесудің соңына қарай мәскеуліктер осылардың екі шайбасы санын қысқарта алды. Оны Вячеслав Козлов пен Растислав Шпирко түсірді.Осы жеңістен кейін «Барыс» бірінші рет ҚХЛ чемпионатының екі дивизионы бойынша топ бастады. Онда қазір 11 ойыннан 27 ұпай бар. Санкт-Петербургтің СКА-сы да осынша ұпай жинаған. Бірақ оның ішкі көрсеткіштері төмен.Астаналықтар келесі ойынын 8 қазанда өз алаңында Подольскінің «Витязь» командасымен өткізеді. Матч Астана уақытымен 19:00 сағатта басталады.Тағы бір айта кететін жайт, «Барыс» осымен қатарынан 86-шы матчты голмен аяқтап отыр.Дамир Қожамқұл.
Бөлісу:
Хоккей. «Барыс» Мәскеуде «Спартакты» ұтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар