Спорт
1 мин оқу 380

«Барыс» құрамы жаңа қақпашымен толықты

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін Нұр-Сұлтанның &laquo;Барысы&raquo; құрамын финляндиялық қақпашымен толықтырды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. 28 жастағы Йони Ортио елорда командасына Швейцарияның &laquo;Цюрих&raquo; клубынан ауысып келді.</p>

«Барыс» құрамы жаңа қақпашымен толықты

Йони Ортио 1991 жылдың 3 қаңтарында Финляндияның Турку қаласында дүниеге келген. ТПС клубының түлегі Йони 2009/10 жылғы маусымда аталған командамен бірге шайбалы хоккейден Финляндия чемпионатында алғаш рет қатысып тұрса да, чемпион атанды. Кейіннен әр жылдары АҚШ-тың «Абботсфорд Хит», «Аляска Эйсез», «Адирондак Флэймз», «Стоктон Хит», Канаданың «Калгари Флэймз», «Абботсфорд Хит» сияқты командаларда өнер көрсеткен. Сондай-ақ 2018/19 жылы Құрлықтық хоккей лигасындағы Подольскінің «Витязь» клубының намысын қорғады.

Өткен маусымда Йони Ортио Швейцария чемпионатында «Цюрих» клубының қақпасын 29 матчта қорғап, орта есеппен әр ойында 2 шайба өткізіп алған. Сондай-ақ 91,7% қақпаға бағытталған соққыны қайтара білген. Енді Ортио алдағы маусымда «Барыс» қапасын күзетеді.

Бөлісу:
«Барыс» құрамы жаңа қақпашымен толықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар