Спорт
1 мин оқу 200
Олимпиадаға іріктеу кезеңі жаңартылды
<p style="text-align: justify;">Халықаралық ауыр атлетика фе­­­­дерациясы Олимпия ойын­да­ры­­ның іріктеу кезеңіне өзгерту енгізді, деп хабарлады ҰОК бас­пасөз қызметі.</p>

Енгізілген өзгерістер мен жаңартулар Халықаралық Олимпиада комитеті мен халықаралық паралимпиада комитеті тарапынан мақұлданған. Пандемияға дейінгі іріктеу кезеңінде жиналған ұпай сандары рейтингте өзгеріссіз сақталады. Covid-19 індетінің салдарынан тоқтатылған додаларды қайта өткізу Олимпиадаға іріктеу кезеңін жаңартуға себеп болды.
Жаңа күнтізбеге сәйкес 2020 жылдың 1 қазаны мен 2021 жылдың 30 сәуірі аралығында өткен жарыстар Олимпиадаға іріктеу додасы болып есептеледі.
Бөлісу: