Аймақтар
1 мин оқу 253

Шымкентте 61 жастағы азамат коронавирустан қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">1959 жылғы азамат Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының тұрғыны. Ол 19 мамыр күні жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 оң нәтиже берген. Бұл туралы coronovirus2020.kz хабарлады.</p>

Шымкентте 61 жастағы азамат коронавирустан қайтыс болды

Азаматтың денсаулық жағдайының ауырлығына байланысты 20 мамыр күні жансақтау бөліміне ауыстырылған. Науқас ИВЛ аппаратына қосылған.

Науқастың қосалқы ауруы: Артериялық гипертензия 3-дәрежесі. Өте жоғары қауіпті топ. Қант диабеті 2-типі, декомпенсация сатысында . Семіздік ауруының 2-дәрежесі. Сондай-ақ науқастың қайтыс болу себебі өкпе артериясының тромбоэмболиясы ауруының асқынуы.

Науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, күнделікті республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген.

Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 30 мамыр күні, сағат 22:10-да науқас қайтыс болды.

Бөлісу:
Шымкентте 61 жастағы азамат коронавирустан қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар