Білім
1 мин оқу 2,800

1-сыныпқа құжат тапсырудың 3 жолы

<p style="text-align: justify;">Бүгін, яғни маусымның бірінен балаларды 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау жұмыстары басталды. Бұл жұмыс 1 тамызға дейін жалғасады.&nbsp;</p>

1-сыныпқа құжат тапсырудың 3 жолы

Осы орайда Білім және ғылым министрлігі құжаттарды тапсырудың үш жолы бар екенін хабарлады:

1) egov.kz арқылы;

2) ХҚКО арқылы;

3) қағаз түрінде мектепке тапсыруға болады.

Қабылдауға қажетті құжаттардың тізімі де жарияланды:

* Ата-ананың (немесе оларды алмастыратын тұлғалардың) өтініші;

* Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

* «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

* 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

3х4 көлеміндегі 2 фото.

Бөлісу:
1-сыныпқа құжат тапсырудың 3 жолы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар