Аймақтар
1 мин оқу 542

Атырау: Тағы 69 адам індетке шалдықты

<p style="text-align: justify;">Кеше ғана коронавирус індетін жұқтырушылар қатары азайғандай болған еді. Алайда, соңғы тәулікте тағы да 69 адамның коронавирус инфекциясына шалдыққаны анықталды.</p>

Атырау: Тағы 69 адам індетке шалдықты

Өңірлік жедел штбатың мәліметіне қарағанда, науқастардың арасында Теңіз кенішінде жұмыс істеген 54 адам бар. Сондай-ақ, Атырау қаласының 11 тұрғыны  коронавирустың «қақпанына» түсті. Ал, Жылыой ауданынан 3, Мақат ауданынан 1 тұрғыннан да қауіпті індеттің белгісі расталып отыр.

– Атырау облысында коронавирусты жұқтырғандар саны 1105 адамға жетті. Жазылып шыққандар –314 адам, - деп хабарлады жедел штаб. 

Бөлісу:
Атырау: Тағы 69 адам індетке шалдықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар