Аймақтар
1 мин оқу 452
«Қарасора-2020» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысы көлемінде «Қарасора-2020» республикалық арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.</p>

Құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірудің алдын алу, героин тасымалымен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған шара бес айдан астам уақытқа созылады.
Шараға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, «Бүркіт» арнайы жасағы, криминалдық полиция, жергілікті полиция қызметі, кинологиялық қызмет орталығы мамандары қатысады.
Бөлісу: