Спорт
1 мин оқу 132

Кака «Қайратпен» бірге

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қайрат&raquo; футзал клубының бразилия&shy;лық бас бапкері Пауло Рикардо Фигейра Силва алдағы маусымда да Алматы командасын жаттықтыратын болды.</p>

Кака «Қайратпен» бірге

Жанкүйерлерге Кака есімімен танымал 43 жастағы бразилиялық маман «Қайрат» командасын 2018 жылдың сәуірінен бері жаттықтырып келеді. Атақты бапкер екі жыл­дың ішінде Алматы клубымен бірта­лай жетістікке жетті. Атап айтар болсақ, өткен маусымда Қазақстан чемпиона­ты мен Қазақстан кубогында топ жарды. Сонымен қатар 2018-2019 жылы Чемпион­дар лигасының финалисі және УЕФА кубо­гының күміс жүлдесін олжалады. Корона­вирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтатылған биылғы ел чемпионатында да «Қайрат» бірінші орында келеді.

Бразилия және Әзербайжанның азамат­тығын алған Кака бұған дейін 2010-2012 жылдары Әзербайжанның «Нефтчи», 2012-2018 жыл аралығында Ресейдің «Газпром-Югра» командасын жаттықтырған. Қазіргі таңда «Қайрат» клубымен бірге футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасын да баптайды. 

Бөлісу:
Кака «Қайратпен» бірге · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар