Спорт
1 мин оқу 240

Қазақстандық теннисші үшін жарыс сәтсіз басталды

<p style="text-align: justify;">Коронавирус пандемиясына байла&shy;ныс&shy;&shy;ты уақытша тоқтатылған спорт&shy;тық жарыстар қайта өткізіле бастады. Солар&shy;дың ішінде теннис додалары да бар. Үзілістен кейінгі алғашқы турнир АҚШ-та ұйымдастырылды.</p>

Қазақстандық теннисші үшін жарыс сәтсіз басталды

АҚШ-тың бірнеше қаласында өткізіліп жатқан Matchplay 120 жарысында қазақ­стандық теннисші Дмитрий Попко да бақ сынады. Турнирдің іріктеу кезеңінде отан­дасымыз төрт ойын өткізіп, соңғысында жеңіліп қалды. Алғаш АҚШ өкілі Маккензи Макдональдтан екі сетте басым түссе, екінші кездесуде Доминика теннисшісі Роберто Сидті  6:3, 3:6, 6:1 есебімен қапы қалдырды. Үшінші бәсекеде тағы бір АҚШ спортшысы Бьорн Фратанджелодан екі сетте айласын асырды. Есеп – 6:1, 6:3. Ал турнирдегі төртінші кездесуінде Попко дәл осы америкалық Бьорн Фратанджелодан  6:3, 1:6, 1:6 есебімен жеңіліп, жарысты аяқ­тауға мәжбүр болды. Жарыс айналмалы жүйе бойынша өткізіліп жатыр.

Айта кетейік, індетке байланысты турнир барлық сақтық шарасын қатаң сақтап, көрермендерсіз өтуде. Додаға бірқатар төреші мен болбой қатыстырылмаған.

Бөлісу:
Қазақстандық теннисші үшін жарыс сәтсіз басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар