Жаңалықтар
4 мин оқу 357

Металдың мәнін жүрегімен сезген

Қазақстан ғылымы осы күндері түсті металлургия, сирек кездесетін және асыл металдар саласын бағындырған атақты ғалым Болат Бейсембаевтың 75 жасқа толуын атап өтуде. Өкінішке қарай, ол кісінің ортамыздан кеткеніне 14 жыл өтсе де, монографияларын қоса алғанда 250 атаулы еңбектері бар, соның ішінде 90 өнер табу патенті мен авторлық куәліктері бар, ол ғалым ретінде де жетекші ретінде де, үлкен әріппен әрдайым жадымызда қалады.

Қазақстан ғылымы осы күндері түсті металлургия, сирек кездесетін және асыл металдар саласын бағындырған атақты ғалым Болат Бейсембаевтың 75 жасқа толуын атап өтуде. Өкінішке қарай, ол кісінің ортамыздан кеткеніне 14 жыл өтсе де, монографияларын қоса алғанда 250 атаулы еңбектері бар, соның ішінде 90 өнер табу патенті мен авторлық куәліктері бар, ол ғалым ретінде де жетекші ретінде де, үлкен әріппен әрдайым жадымызда қалады.

Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылының тума­сы Болат Болтақайұлы Қазақ кен-­металлургия институтын бітір­ген соң (қазіргі Қазақ ұлттық тех­ни­ка­лық университеті) академик По­но­марев жетекшілік еткен аспи­ран­тураның физикалық химия кафе­драсына оқуға түседі. 1965 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Металлургия және кен байыту институтында аға лаборанттан институт директоры лауазымына дейінгі еңбек жолынан өтеді. 1968 жылы кандидаттық, ал 1984 жылы докторлық диссертация қорғады. Өмірінің соңғы жылдары Ұлттық ғылым академиясының жер туралы ғылым бөлімінде академик-хатшы болып қызмет атқарды.

Ғалым Алтын Смағұлова, өзі­­­нің бірге оқыған жылдары мен курс­­тас досы жайлы «Абзал адам... оның қайырымдылығы мен адам­гер­шілігіне сөз жетпейтін, мысалы, ол ауылдан келген курстас балаларға әрқашан қолұшын беруге дайын тұратын», деп өте жылы есіне алды.

1960-1970 жылдары Б.Бей­сем­баев электрлі қыздыру өнді­рі­сі арқылы сары фосфорды өңдеу­мен, баланстан сырт жоғары крем­нийлік және фосфориттерді өңдеу технологиясының негізін қалауға, зерттеуге белсенді қатысты. Ең алғаш рет терең зерттеулердің негізінде фосфорлық өндірістің өндірістік өнімдерінен тиімді түрде алтын, молибден, ванадий алынды. Осы жылдары, Болат Бейсембаевтың қатысуымен Шолақтаудың марганецті фос­фориттері мен қазақстандық жанатасты кварциттерді өңдеуге тиімді технологиялық зерттеулер жасалды, сонымен қатар, титанды-магнийлі өндірісінің өндірістік өнімдерінен экстракциялық әді­­сімен таза ванадий оксиді алынды.

Бұл сөздердің астарында қаншама ауыр еңбек жатыр, қара­пайым құрал-жабдықтармен экспе­рименттік зертханада айлар бойы тынымсыз еңбек етті. Б.Бейсембаевтың серіктесі, Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Борис Левинтов былай еске алды: «Сол кездегі әріптестердің бірде-біреуі дәл осылай барын салып жұмыс жасамаушы еді, адам да аз болды небәрі бір-екі жұмысшы». Сондықтан Болат Балтақайұлына зертханашы, технолог әрі талдаушы болуға тура келді, зертханада қонған күндері де болған.

Өз әдісімен Болат Бейсембаев ванадий мен фосфорды шынымен де ажыратуға болатынын дәлелдеді. Бірақ классикалық сызбада бұл тым қолайсыз болып, ғылым мәселесін шешуге оңтайлы әдісті талап етті, бұған біраз жылдар кетті. Болат Балтақайұлы Пермьге және Уралдың басқа қалаларына да кеңеске барып қайтты. Соңында – гидрометаллургиялық жолмен ажырату өз шешімін тапты.

1982 жылы ел үшін маңызы бар осы жұмыстардың негізінде, Болат Балтақайұлына ғылым және техника саласында бірлескен авторлығына Қазақ КСР Мемле­кеттік сыйлығы берілді. Ол жаңа ғылым бағытына – жерасты сілті­сіз­ден­дірудің баланстан сырт және кондицияға сәйкес емес түсті металдар кендерін геотехникалық әдіспен өңдеуде өзінің үлкен үлесін қосты. Геологиялық зерттеулері кезінде ең алғаш Ақтоғай, Айдарлы сияқты ірі мыс орындары жүз миллион тоннаға дейін жететін, қор бола алатын өндіріс кендері бекітілді, өңделген кендерді тазарту және сілтілендірудің бактериялық-химиялық әдісі жасалды.

Болат Бейсембаев басшы ре­­тінде, қазіргі тілмен айтсақ, топ-менеджер бола алды. Гор­ба­­чев­тік қайта құру басталған кезде, барлығы да өзгерді, құн­ды­лық­тарды қайта қарау бас­тал­ды. Үлкен ғылыми ұжымды басқарып отырған оның қолында мыңдаған адамның тағдыры болды, барлығының көкейіндегі сұрақ – жаңа талаптарға сай институт әрі қарай жұмыс жасай ала ма? Болат Балтақайұлы өз ұжым мүшелерін қорғап, әрбіреуіне көмектесуге дайын тұрды. Бірде мынадай жайт болады. Институт орналасқан жердегі трамвай линиясын шешіп, рельстерін ала бастағанда, бірінші айтқан сөзі: «Біздің қызметкерлер жұмысқа қалай жететін болады?», себебі жалақы төмендеген кез, ал трамвай жұмысқа жетудің бір ғана тиімді қозғалыс құралы болатын. Соңында ол қала билігіне сол трамвайды қалдыруға көндірді.

Сырқатына қарамастан, зауыт­тарға барып, басшыларымен кезде­сіп, келісімшарт жасап жүрді. Әрбір іссапары бір емес бірнеше қалаларға болатын. Ол баршаға беделді азамат еді. Болат Бейсембаевтың қызметі әржақты, сол себептен қызметі мәнді, іргелі әрі үлгі тұтар­лықтай болды. Данагөй әрі көреген басшы, қиын-қыстау кезеңде негізгі ғы­лыми-зерттеу бағыттарын ғана сақтап қалмай, сонымен қатар, түсті металлургия, сирек және алтын металдар бағытында жаңа­лықтар ашты.

Өкінішке қарай, оған тым аз ғұ­мыр берілді, соны біле тұра, ол өзін аяған жоқ. Өмірінің соң­ғы жылдары, қандай орасан зор ауырт­палықтарды басынан өткіз­генін елестету мүмкін емес. Бірақ, осыншама қиындықтарға қарамас­тан, өмірінің соңына дейін өмірге де­ген қызығушылығын жоғалтқан жоқ.

Ал, артынан қалдырған ізба­сарлары, оқушылары, қазіргі таңда өз жемістерін көрсетуде, біздің жеріміз тек қазба байлықтарымен ғана бай емес, сонымен қатар, оларды тауып, зерттеп жүрген азаматтарымен де бай ел.

Амангелді ҚИЯС,

«Егемен Қазақстан».

Суретте: ғалым Б.Бейсембаев (оң жақта).

Бөлісу:
Металдың мәнін жүрегімен сезген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар