Руханият
1 мин оқу 621

Жақып Ақбаевтың жез самаурыны

<p style="text-align: justify;">Қазақтың тұңғыш заң магистрі Жақып Ақбайұлы пайда&shy;ланған жез самаурын Қарқаралы тарихи-өлкетану музейінің төрінде тұр. Тарихи құндылығы жоғары жәдігер Ресейдің Тула қаласындағы көпес Василий Баташевтің самаурын фабрикасында 1896 жылы жасалған екен.</p>

Жақып Ақбаевтың жез самаурыны

Жақып Ақбайұлының Қарқара­лы­ның атақты байы, татар көпесі Халиолла Бекметовтің күйеу баласы екені белгілі. Заңгер оның Гүлбаһар деген қызына үйленген.

«Самаурын Қоянды жәрмеңкесі­нен сатып алынған болу керек. Бұл жәдігерді Қарқаралы музейіне 2008 жылы Жақып Ақбайұлының  туысқандары тапсырған», дейді Қар­қаралы мұражайының қыз­меткері Сәтбек Сламбеков. 

Бұл самаурын турасында ел ішінде мынадай аңызға бергісіз әңгіме бар. Кезінде Қарқаралының бай-бағландары мен көпестері бәстесіп, «Кімдікі тез қайнайды?», деп самаурындарын қағаз ақшамен қай­нататын көрінеді. Сонда көпес Халиолла Бекметовтің осы сурет­тегі самаурыны бірінші болып қай­нап, ол бәстің шарты бойынша Қоян­ды жәрмеңкесінің бір жылға бас ак­ционері болыпты.

 

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Жақып Ақбаевтың жез самаурыны · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар