Аймақтар
1 мин оқу 193

Қарағандыны жастар сәндейді

<p style="text-align: justify;">Қарағанды гүлзарларын сәндеу мақсатында жастар арасында ұйымдастырылған байқау өз мәресіне жетті. &laquo;Азамат&raquo; қоғамдық бірлестігінің бастамасымен &laquo;Инклюзивті еріктілер мектебі&raquo; жобасы аясында өткізілген &laquo;Жеңіс гүлдері&raquo; атты байқаудың жеңімпаздары анықталды. Жақын күндері жастар қаладағы бақтарға өздерінше көрік бермек.</p>

Қарағандыны жастар сәндейді

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала­лар­ды әлеуметтік маңызы бар іс-әрекетке тар­ту мақсатында ұйымдастырылған байқау қа­ты­сушылары 1 ақпан мен 15 мамыр аралы­ғын­да қала гүлзарларының дизайнын ұсынуы керек бо­латын. Байқауға Қарағанды қаласындағы 22 білім бе­ру ұйымы қатысты. Оның 19-ы мектеп, үшеуі мектепке дейінгі мекеменің тәлімгерлері. Жұмыстарын презентация, фото, макет және бейнематериалдар ретінде көрсетіп, жобаларын таныстырды. Соны­мен қатар таңдалған гүлдер атауы, түстері мен композициясының тұтастығы, ережеге сәйкес өсімдік тұқымдарын себу, күту, көшет­тер­ді дайындау технологиялары бойынша ұсы­ныс­та­ры да ескерілді.

Үздік деп танылғандар Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қарағанды қаласындағы Нүркен Әбдіров ескерткішінің жанында бір жылдық гүл көшеттерін отырғызды.

Бөлісу:
Қарағандыны жастар сәндейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар