Аймақтар
1 мин оқу 241

Б.Сағынтаев Көкжайлауды Ұлттық паркке қайтаруды сұрады

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter парақшасында жазды.</p>

Б.Сағынтаев Көкжайлауды Ұлттық паркке қайтаруды сұрады

Бақытжан Сағынтаев Көкжайлау тағдырына алаңдаушылық білдірген экологтар пікірлеріне ден қоятынын жазды. Бұл мәселеге нүкте қою үшін еліміздің Премьер-Министріне хат жолдады.

«Экологтармен жиі кездесемін. Көкжайлаудың тағдыры туралы көп айтылады. Осы мәселеге нүкте қою үшін бүгін Премьер-Министрдің атына бұл жерлерді қала қорынан Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтару туралы өтініш хат жаздым», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Өткен жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту бойынша өткізген жұмыс кеңесі барысында Көкжайлау шатқалында тау шаңғысы курортын салу жөніндегі жобаны іске асыруды тоқтату туралы тапсырма бергені бұрыннан белгілі.

Бөлісу:
Б.Сағынтаев Көкжайлауды Ұлттық паркке қайтаруды сұрады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар