Жаңалықтар
1 мин оқу 323

Жапондар аударма жасайтын көзілдірік ойлап тапты

03-10-13-japon-ochki-1

Жапон ғалымдары жапон тіліндегі оқылуы қиын сөздерді басқа тілге аударатын көзілдірік ойлап тапты, деп хабарлайды Түркияның телерадио агенттігі.

Кішкентай камерасы бар көзілдірік түсініксіз сөздерді сіз білетін басқа тілге аударып береді. Яғни, камера мәтінді оқып, оны аударып сөзді экранға шығарады. Көзілдірік жапон тілін кәріс, қытай, ағылшын тілдеріне аудара алады. Тіпті өзара аударма жасайды. Көзілдірік сонымен қатар, адамдарды да ажырата алады.

Оны жасаушылар аударма тілдерінің санын көбейтуді ұсынуда. Аудармашы көзілдірікті 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада кезінде келетін қонақтарға арнап нарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Мұрат Айтқожа.

Бөлісу:
Жапондар аударма жасайтын көзілдірік ойлап тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар