Аймақтар
1 мин оқу 910

Қасиетті қала – балалар көзімен

<p style="text-align: justify;">Онлайн-көрмеге қорық-музей қорын&shy;да сақталған жас қылқалам шеберлері&shy;нің және 2018 жылы өткен &laquo;Астана және Түркістан&raquo; жас суретшілер байқауы жеңімпаздарының, қасиетті қалаға деген сүйіспеншілігін қылқаламмен суреттеген дарынды жастардың туындылары қойылды.</p>

Қасиетті қала – балалар көзімен

«Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдында тұрған қазақтың хандары мен билерін, игі жақсыларын суреттеп шықтым. Адам бейнесін жасау – ауыр әрі үлкен жауапкершілік. Менің арманым – суретші болу. Сондықтан өз туған жерімдегі барша қазақтың тұлғалары елімізге ақ баталарын беріп тұрған сәтін сезінгім келді. Күні-түні осы көріністі армандап, суреттеп шықтым», дейді туған жерге деген ыстық ықыласын өз өнерімен білдірген жас суретшінің бірі Есіркеп Сәбитұлы.

Сонымен қатар Түркістан қаласы­ның жас дарындары сурет салудан шебер­лік сабақтарын жүргізіп, еліміздің түк­пір-түкпіріндегі достарына онлайн түрде таныстырып шықты. Халықаралық балаларды қорғау күні демалыс алаңшасын­да отбасымен серуендеген жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары көрмеге қойылған 50-ге жуық туындымен танысып, алғыстарын білдірді. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі балалардың қызығушылығын арт­тыра отырып танымын кеңейту, шығарма­шылық қабілеттерін дамыту бағытында суретшілер сайысы, балалар көрмесі, балабақша және мектеп оқушыларына арналған экскурсиялар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Биыл еліміздегі пандемияға орай жарияланған сақтық шараларына сәйкес көптеген іс-шара онлайн өткізілді.

Түркістан облысы

Бөлісу:
Қасиетті қала – балалар көзімен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар