Тағайындау
1 мин оқу 461

Елбасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісін тағайындады

<p style="text-align: justify;">Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Елбасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісін тағайындады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімімен Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Шоқан Жанатұлы Елшібеков Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Бөлісу:
Елбасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісін тағайындады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар