Спорт
1 мин оқу 160
Ханчжоудағы Азия Ойындарының ұйымдастыру комитетіне еріктілер қажет
<p style="text-align: justify;">2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті 2021 жылдың жазында еріктілерді жинауға кіріседі, деп хабарлады Olympic.kz.</p>

Үміткерлерді іріктеу Азия ойындарының ресми сайтында, WeChat және Weibo аккаунттарында онлайн режимде жүргізіледі. Еріктілер Қытайдың әртүрлі қаласына тағайындалады, сонымен қатар, үміткерлер арнайы оқытылатын болады. Оларға қойылатын басты талап – 18 жастан жоғары және ағылшын немесе қытай тілдерінде еркін сөйлеуі тиіс. Біліктілігін арттырған еріктілер Азиадада қызмет көрсетудің негізгі базасымен танысады.
Азия ойындары 2022 жылдың 10-25 қыркүйегі арасында өтеді деп жоспарланған. Ал паралимпиада ойындары 9-15 қазан арасында өтуі тиіс.
Бөлісу: