Спорт
1 мин оқу 2,520

Әлемдегі ең бай 10 спортшы

<p style="text-align: justify;">Жуырда Forbes журналы 2020 жылы әлем бойынша ең көп табыс тапқан ер азамат спортшылардың аты-жөнін жариялады. Бұл тізімнің басында әдеттегідей 106,3 миллион доллар пайда тапқан Швейцарияның атақты теннисшісі Рожер Федерер тұр.</p>

Әлемдегі ең бай 10 спортшы

Бұл жігіт таза табысының 6,3 млн долларын сыйақы арқылы толтырса, қалған 100 млн доллары әртүрлі жарнамадан түскен екен.

Осындағы дәулетті спортшылар тізімінің келесі сатысында: атақты аяқ допшылар португалдық Криштиану Роналду мен аргентиналық Лионель Месси екінші-үшінші орынға иелік етіпті.

Әлемдегі ең бай 10 спортшының құрамына кірген жігіттердің 3-еуі футболшы, 3-еуі баскетболшы, 2-еуі америка  футболының өкілі болса, қалған екі адамның бірі – үлкен теннисші де, екіншісі  - гольф шебері екен. Олар:

  1. Рожер Федерер (теннис) - $106,3 млн.
  2. Криштиано Роналду (футбол) - $105 млн.
  3. Лионель Месси (футбол) - $104 млн.
  4. Неймар (футбол) - $95,5 млн.
  5. Леброн Жеймс (баскетбол) - $88,2 млн.
  6. Стефан Карри (баскетбол) - $74,4 млн.
  7. Кевин Дюрант (баскетбол) - $63,9 млн.
  8. Тайгер Вудс (гольф) - $62,3 млн.
  9. Кирк Каузинс (америка футболы) - $60,5 млн.
  10. Карсон Вентц (америка футболы)- $59,1 сая
Бөлісу:
Әлемдегі ең бай 10 спортшы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар