Аймақтар
1 мин оқу 334

Маңғыстауда тегін экспресс-тесттен өтуге болады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Сәби&raquo; қоры көрсетіп жатқан қайырымдылық көмегі аясында, коронавирусқа қарсы денелерді анықтау бойынша тегін экспресс-тесттен өтуге мүмкіндік бар, деп хабарлады Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Маңғыстауда тегін экспресс-тесттен өтуге болады

Тестілеуді орындайтын оператор ретінде жеке зертханалардың біреуі тағайындалды.

Экспресс-тесттен өту үшін cdl.kz сайтында сауалнама толтыру қажет. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары эпидемилогиялық өлшемдер негізінде сауалнамаларды іріктеп алады. Содан кейін, байланыс-орталықтың операторлары пациентпен байланысып әр пациентке емшара кабинетіне келу уақытын жеке тағайындайды. 

Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында пациент белгілі ережелерді сақтауы тиіс, олар:

  • нәтижені алу үшін электрондық поштаны көрсету;
  • қатаң түрде көрсетілген уақытта келу;
  • бетперде киіп келу;
  • емшара кабинеті келушілерінің арасында 1,5-2 метр арақашықтықты сақтау.

Экспресс-тесттілеу коронавирусқа деген иммундық жүйенің әсерін бағалап, бармақтан алынған қанда IgM және IgG классты ерекше қарсы денелерді анықтайды.

  • IgM қарсы денелер бірінші болып қалыптасады, індет жұққаннан кейін 7-10 күн аралығында пайда болады.
  • IgG қарсы денелер кейін қалыптасады, ол індетпен ауырған әрі оған қарсы қалыптасқан иммундық жауаптың белгісі болып табылады.

Экспресс-тестілеудің нәтижесі талдау тапсырғаннан кейін 15 минутта ұсынылып, сауалнама толтырған кезде көрсеткен электрондық поштаға жіберіледі.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Маңғыстауда тегін экспресс-тесттен өтуге болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар