Қоғам
2 мин оқу 575

Қаракөлге халықаралық мәртебе берілсе

<p style="text-align: justify;">Мен эко-волонтерлікпен 2003 жылдан бері айналысып келемін. Алғаш назарымды аударған аймақ &ndash; Маңғыстаудағы Қаракөл көлі. 2016 жылдан бастап жыл сайын Ақ&shy;тау маңындағы Қаракөл көлінде жастардың Солтүстік жарты шар&shy;дағы қатпайтын су айдындарында су&shy;&shy;да жүзетін және су маңындағы құс&shy;&shy;тардың Халықаралық қысқы есебіне қатысуын ұйымдастырып жүрмін. Синхронды есеп ғаламдық қауіп төндіретін құс түрлерінің санын объективті бағалауға және оны сақтау бойынша қажетті шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстанның негізгі орнитологиялық аумақта&shy;рының бірі ретінде Қаракөл кө&shy;лін санитарлық тазалау бойынша экологиялық акцияларды, со&shy;ның ішінде &laquo;Саябақтар маршы&raquo; халық&shy;аралық табиғат қорғау акциясы ая&shy;сында өткізуді дәстүрге айналдырдым.</p>

Қаракөлге халықаралық  мәртебе берілсе

Ақбөкен мүйізі – қаскөйлердің қызығушылығын тудыратын нәрсе. Сон­дықтан ақбөкен мүйізін заңсыз сатуға қарсы ауқымды ақпараттық кам­панияларды ұйымдастырып, Үстірт қорығын ЮНЕСКО-ның дү­ние­жүзілік мұра тізіміне номинациялауды қолдауды – азаматтық парызым деп білемін. Бұл акцияларға жалпы алғанда 3 мыңнан астам адам қатысты, негізінен оқушылар мен студенттер.

Қазір жасанды Қаракөл көліне халықаралық мәртебе беру туралы бастаманы көтерудемін. Бүгінгі таңда Қазақстанда халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың 10 нысаны бар, жалпы ауданы – 3 281 398 га. Орталық Азиядағы Рамсар конвенциясының қағидаттарын ілгерілету үшін бес ел – Қазақстан, Қырғызстан, Түрік­менстан, Өзбекстан және Тәжікстан арасындағы ынтымақ­тастық пен өзара іс-қимылды күшейту арқылы 2016 жылы Орталық Азияның Рамсар өңірлік бастамасы құрылды.

Рамсар тізіміне енгізілген жағ­дайда Қаракөл көлі дүние жүзі бо­йынша «бердвочер» (құстарды ба­қылаушы) туристер үшін танымал болып, Маңғыстауда эко­ту­ризм саласының дамуына оң ық­палын тигізетіні сөзсіз. Турис­тер­дің Қаракөлге жиі келіп тұ­руы, олар­мен бірге Үстірт қоры­ғы инс­пек­торларының болуы бра­­конь­ер­­лік пен «жабайы» туризмге жол бе­­ріл­меуіне жағдай туғызады. Со­ны­мен қатар өңірдегі Ш.Есенов уни­верситетінің биолог және эколог сту­денттері мен туризм колледжінің сту­денттері үшін ашық аспан ас­тын­дағы зертханаға айналып, мектеп оқу­шылары үшін биология, гео­графия және экология пәндері бойынша оқу экс­курсия нысаны бола алады.

Осы бастама аясында Қара­көл­­­дің мәртебесін арттыру үшін үл­­кен аумақты экспресс-ба­ға­лау жұ­­мыстарын жүргіздік. Біз­ге ке­ңес­­­тік ке­зеңнен кейінгі ке­ңіс­тік­те­гі ең беделді ғалым-ор­ни­толог­тар­­дың бірі, РРИ-ОА үйлестіру ко­­ми­теті­нің төрағасы, профессор Эльдар Рус­тамов баға жетпес консуль­тациялық кө­мек көрсетті.

 

Әділбек ҚОЗЫБАҚОВ,

биолог, Маңғыстау облысы бойынша эко-амбассадор

АҚТАУ

Бөлісу:
Қаракөлге халықаралық мәртебе берілсе · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар