Парламент
1 мин оқу 122

Сенат Төрағасы АҚШ елшісімен кездесті

<p style="text-align: justify;">Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Сенат Төрағасы АҚШ елшісімен кездесті

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси қарым-қатынас мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сенат Төрағасы ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың саяси реформаларын заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталған Палатаның жұмысына тоқталып, Мемлекет басшысының жаңғыртылған жалпы күн тәртібін сөз етті.

Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев Қазақстанның демократиялық үдерістерді дамытуды жалғастыруға ниетті екеніне баса мән беріп, екі елдің парламент өкілдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.

Бөлісу:
Сенат Төрағасы АҚШ елшісімен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар