Қазақстан
2 мин оқу 580

Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Ақтөбе, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Атырау, Түркістан, Қызылорда облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК баспасөз қызметі хабарлады. </span></p>

Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сәйкес, 6 маусымда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

6 маусымда түнде Шығыс Қазақстан облысындағы таулы жерлерде жаңбыр жауады, арты қарға ұласуы мүмкін. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен cоғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Сондай-ақ Өскеменде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. 6 маусымда Семейде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

6 маусымда түнде Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз шаңды дауыл со,ады. Солтүстік-батыс, солтүстіктен соғатын жел жаңбыр кезінде 15-20 м/с жетеді.

Атырау қаласында күн күркіреп, найзағай жарқылдайды.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан тұрған желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін. 6 маусымда күндіз Шымкентте шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. 6 маусымда Түркістан қаласында шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 6 маусымда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, арты шаңды дауыл ұласуы мүмкін.

Бөлісу:
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар