Аймақтар
1 мин оқу 611

Атыраудан Шымкентке ұшақ ұшады

<p style="text-align: justify;">Мұнайлы шаһардан Шымкент қаласына қатынайтын әуе рейсін ашу жоспарланып отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, алғашқы кезекте арнайы рейс &laquo;Атырау-Шымкент&raquo; және &laquo;Шымкент-Атырау&raquo; бағытында қатынайды.</p>

Атыраудан Шымкентке ұшақ ұшады

– Екі қала арасындағы әуе тасымалын  қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы жүзеге асырады деп күтілуде. Өйткені, Атырау облысы әкімдігінің бастамасымен «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ  мен FlyArystan авиакомпаниясы арасында келіссөз басталды. Мақсат –жолаушыларды қолжетімді авиабилетпен  қамтамасыз ету, - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазір тараптар  келісімді талқылап жатыр. Жақын арада  Атырау қаласынан тұрақты жолаушылар рейсін бастау жөнінде келісімшартқа қол қойылмақ.

Атырау

Бөлісу:
Атыраудан Шымкентке ұшақ ұшады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар