Ұлттық қордағы қаражатты үнемдеу үшін...
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда мұнай бағасы өскен жағдайда Ұлттық қорда қаражат жинау үшін түзетулер дайындалды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халыққа есеп беруі кездесуінде айтты.</p>

«Бюджеттік жүйенің тұрақтылығын арттыру мақсатында контрциклдік бюджеттік ережені бекіту бойынша заңнамалық түзетулер дайындалды. Бұл ереженің мақсаты – мұнай бағасы жоғары болған кезде Ұлттық қорда қаражат жинау», - деді Р. Дәленов.
Сондай-ақ бюджеттік үдерістерді жеңілдету үшін бюджетті атқару және бюджеттік өтінімдерді құру бойынша рәсімдер жетілдірілді.
«Бұл бюджеттік үдерістерді автоматтандыру және цифрландыру, сондай-ақ ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру. Осыған байланысты, бюджет жүйесін одан әрі жақсарту үшін бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді», - деп нақтылады Дәленов.