Қоғам
2 мин оқу 400

Бала күтіміне кім көмектеседі?

<p style="text-align: justify;">Жуырда &laquo;Рухани жаңғыру&raquo; Қазақстандық қоғамдық даму институты&raquo; сарапшылары көп балалы отбасылар арасындағы &laquo;Қазақстандық көп балалы отбасылардың жағдайы мен дамуын зерттеу&raquo; атты әлеуметтік зерттеу мәліметтерімен бөлісті. Бұл әлеуметтік зерттеу биылғы ақпан-наурыз айларында жүргізілді.</p>

Бала күтіміне кім көмектеседі?

ҚҚДИ отбасы институтының зерттеу орталығының дерегі бойынша, көп балалы отбасылардың 62,7%-ында ер адамдар балалардың тәрбиесімен әйелдермен тең дәрежеде айналысады. Бұл ретте балаларды тәрбиелеуге қатысатын әйелдер саны 14,7%-ға артық.

«Көп балалы отбасылардың 34,8%-ы балаларды тәрбиелеуде жасөспірім ба­ла­лары көмектесетінін, 17,1%-ы кү­­йеуі­нің ата-анасы көмектесетінін, 11,7%-ы ешкім көмектеспейтінін және сұ­­ралған респонденттердің тек 2,7%-ы бала күтуші қызметін пайдаланатынын айт­­ты», дейді ҚҚДИ отба­сы институтының зерттеу орта­лығының сарапшысы Әйге­рім Ашимова.

Сондай-ақ зерттеу аясында ерлі-за­йып­­ты­лардың балаларды күтумен туыс­тарының көмегінсіз өз бетінше айна­лы­сатын топ-5 облыс тізімі ұсынылған.

Ай­мақ­тық зерттеу балалардың күтімімен өздері айналысатын ерлі-зайыптылардың басым бөлігі Түр­кістан облысында (82,4%) екенін көрсетті. Рейтингте екінші орынды (78,7%) Ақтөбе облысы иеленеді және көш­бас­шылар үштігін Павлодар облысы түйіндеді (77,8%).

Ата-аналарына жасөспірім балалары кіші інілері мен қарындастарын күтуге жиірек көмектесетін өңірлер де анық­талды. Мәселен, Қарағанды облысы – 64,2%, Павлодар облысы – 57,8%, Жамбыл облысы – 53, 6%. Ал бұл межеден төмен өңірлер қатарында Солтүстік Қазақстан облысы (47,1%), Атырау облы­сы (46,9%) тұр. Ата-аналарына бала­ны күтуге ең аз көмек көрсететін жас­өспірімдер Ақтөбе облысында екен (6,4%).

Қызылорда облысында ата-әжелердің 42,5%-ы немерелерін күтуге көмек көр­сете­ді. Ал Солтүстік Қазақстан облысында сұралғандардың 20%-ға жуығында, Қарағанды облысында 17,6%-ында немерелерін күтумен нағашылары айналысады. Жиендерін күтуге көңіл бөле қоймайтын өңірлер Батыс Қазақстан (2,7%), Қызылорда (2,5%) және Ақтөбе (2,1%) облыстары екен.

Әлеуметтік зерттеудің мәлі­мет­те­рін­­де: «Сіз балаларға қатысты олар мо­йын­­сұнбаған немесе жазықты болған жағдайда қандай жаза қолданасыз?» деген сұрақ бойынша сұралған ата-ана­ла­рының 74,9%-ы еш жаза қолданбай, балаға жағдайды түсіндіруді жөн көре­тінін атап өтті. Айғай мен дауыс көте­ру­ді тәрбиелік шара ретінде рес­пон­дент­тердің 33,6%-ы, ал тыйым салуды сұрал­ғандардың 26,7%-ы қолданады.

«2019 жылы «Отбасылық-демо­г­ра­фиялық саясат» әлеуметтік зерт­те­уі жүргізілді. Онда респонденттер «Балаларыңызбен қанша уақытты бірге өткізе­сіз?» деген сұраққа жауап берді. Сонда 48,2%-ы балаларының жанында үнемі болатынын айтты. Биыл біз пандемияны ескере отырып жағдайды көрсететін, өткен жылғы зерттеу өзгеріс­те­рінің дина­микасын өлшеуді жоспарлап отырмыз», деді Әйгерім Ашимова.

«Рухани жаңғыру» ҚҚДИ-дың Отбасы институтын зерттеу орталығы әлеуметтік институт ретінде отбасының проблемалық аспектілерін шешу бойынша ұсыныстарды зерттеумен, талдаумен және әзірлеумен айналысады.

Бөлісу:
Бала күтіміне кім көмектеседі? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар