Қоғам
2 мин оқу 1,070

Қараусыз мал айып тұрағына қамалады

<p style="text-align: justify;">Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, облыс аумағында қараусыз жүрген 680 бас мал айып тұрағына қамалған. Қараусыз жүрген малдарды қамау үшін 125 айып тұрағы орнатылыпты.</p>

Қараусыз мал айып тұрағына қамалады

Осындай шара қолдануға ауыл тұрғындарының бағып отырған малдарына дұрыс қарамай, емін-еркін жібере салғандары себеп болған.

– Өйткені қараусыз жүрген мал барымташылардың қо­лына оңай түседі. Темір жол бо­йын­да қараусыз жүрген малдың кесі­рінен былтыр 89 жол-көлік оқиғасы орын алды. Қазір жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері облыс аумағындағы автожолдарда, жазғы жайылымдарда рейдтер жүргізуде. Иесіз жүрген мал арнайы айып тұрағына қамалады, – дейді департамент өкілдері.

Мысалы, 23 мамыр күні өткізіл­ген рейд барысында полиция қыз­меткерлері айып тұрағына 200 мал қамаған. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері Павлодар-Железин республикалық автожолы бойында қараусыз жүрген сиыр­ларды анықтады. Иесіз жүрген мал Тереңкөл ауданы Жаңабет ауылының тұрғындарына тиесілі екені анықталды. Осы факті бо­йынша жиналған материалдар кі­нәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін ветеринария органдарына жіберілген.

Малын қараусыз жіберген ауыл тұрғындары 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тө­леуге міндет­телуі мүмкін.

Ал мал ұрлығы облыс орталы­ғы, Екібастұз қалаларына қарасты ауылдық аумақтарда, Ақтоғай, Ертіс, Май, Шарбақты және Пав­лодар аудандарында көбейген.

Былтыр өңірде жедел іздестіру барысында полицейлер мал ұр­лығымен айналысқан 52 барымташыны қолға түсірген. Жалпы са­ны 116 ірі қараны ұрлаған 9 қыл­мыс­тық топты қолға түсірді. По­­ли­ция қызмет­керлері өткен жылы мал ие­ле­ріне жалпы құны 75 миллион тең­геге тең 251 бас ұр­ланған  малын қайтарып берген.

Ал барымташылар болса, мал­ды жайылымда жүрген жерлерінен алып кетіп отырған. Ұрланған малды туыстарына, ауыл тұрғындарына арзан бағамен сатқан.

Павлодар облысы

Бөлісу:
Қараусыз мал айып тұрағына қамалады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар