Оқиға
1 мин оқу 510

Парасат тақырыбындағы мурал

<p style="text-align: justify;">Алматыда Әл-Фараби даңғылы бойында (Меңдіқұлов пен Достық көшелерінің арасында) &laquo;Алматы &ndash; адалдық алаңы&raquo; аясында &laquo;Өз еліңді бұзба&raquo; муралы салынды. Бұл композиция азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеуге, адалдық, әділеттілік қағидаларын сіңіруге арналған.</p>

Парасат тақырыбындағы мурал

Муралдың тұсаукесеріне Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігінің төрағасы Алик Шпек­баев қатысты. Ол: «Жұмысты алдын алуға және парасаттылық жүйесін ілгерілетуге, адал және пара­сатты ұрпақ тәрбиелеуге, ха­лық­пен тұрақты кері байланыс орнатуға бағыттау керек. Аза­мат­тарды тыңдап, оған құлақ асып, кез келген мәселеге жедел ден қою қажет»,  деп жобаның маңыз­дылығын атап өтті.

«Мұндай іс-шаралар халықтың санасын өзгертуге, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мәдениетті қалып­тастыруға, адамгершілігі мол ұрпақ тәр­биелеуге арналған», деді қала­лық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Нығмеджан Сапаров.

Әр қазақстандықтың құқық бұзу­шылық пен сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл аясында  өзі­нің белсенділігін танытуы елдегі жағ­­дайды жақсартуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Бөлісу:
Парасат тақырыбындағы мурал · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар