Саясат
1 мин оқу 155

Министрлер келіссөз жүргізді

<p style="text-align: justify;">Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен бейнеконференция режімінде келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.</p>

Министрлер келіссөз жүргізді

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары саяси, экономикалық салалардағы, соның ішінде транзиттік көлік, энергетикалық және әскери-техникалық бағыттардағы Қазақстан – Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ тараптар ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, БҰҰ аясындағы кооперация мәселелерін қарастырды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты іс-шара­ларға қатысу үшін Мәскеуге алдағы сапарын дайындау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, М.Тілеуберді мен С.Лав­ров ағымдағы жылдың қараша айында Көк­ше­тауда өтетін Қазақстан мен Ресей XVII өңір­­ара­лық ынтымақтастық форумына дайын­дық мәселелерін қарастырды.

Бөлісу:
Министрлер келіссөз жүргізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар