Қоғам
3 мин оқу 1,522

Қырық сегіз адамды қызыл жалыннан құтқарған

<p style="text-align: justify;">&laquo;...Алаңсыз ұйықтап жат&shy;қанымда орындығымның асты жып-жылы болып кетті. Көзімді ашсам, астымда от жанып жатыр. Бірден жүргізушіге жүгіріп барып, автобуста өрт шыққанын ха&shy;барлап, көлікті тоқтатуын сұ&shy;радым. Бірақ ол менің сөзіме сен&shy;бей қойды. Ал екінші жүргі&shy;зуші шырт ұйқыда. Көп кідіруге бол&shy;майтындықтан оны оятуға тура келді. Осыдан кейін ғана ол автобусты тоқтатты. Ал қай&shy;тадан орныма келсем, қызыл жа&shy;лын біршама жерді шарпып үлгеріпті. &laquo;Жанып жатырмыз&raquo; деп айқайласам адамдар үн қатпайды. Сөйтсем автобустың артқы бөлігінде отырғандардың көбі көк түтінге уланып үлгерген екен. Ал кейбірі не болғанын түсінбей, аңырып қарап отыр. Тіпті жүргізуші автобустың есі&shy;гін де ашпады. Содан кейін екі есік&shy;ті тепкілеп, итеріп жартылай&shy; аштым. Алдымен балаларды да&shy;лаға шығардым. Көтеріп алып, бірі&shy;нен кейін бірін лақтыра бер&shy;дім. Өйткені өрт күшейіп барады. Ал жүргізуші өрт сөндіру құ&shy;ралымен тілсіз жауды сөндіріп жат&shy;ты. Бірақ қызыл жалын дес берер емес...&raquo;.</p>

Қырық сегіз адамды қызыл жалыннан құтқарған

2018 жылдың тамыз айының 4-інде «Семей – Новосібір» ба­ғытындағы автобуспен жолға шы­ғып, түнгі сағат 4 шамасында көлікте тұтанған тілсіз жаумен арпалысып, небәрі 1 минут 45 секундта 48 адамды құтқарған семейлік Ержан Омарханов оқыс оқи­ғаны осылай еске алады.

Бір қорқыныштысы, автобус небәрі 4 минуттың ішінде ж­анып кеткен көрінеді. Ал Ер­жан Омарханов құтқарған 48 жо­лаушының 12-сі бала екен. Ав­тобус ішінде 3 айлық сәбиден егде тартқан зейнеткерге дейінгі санаттағы адамдар болыпты.

Кейіпкеріміз Ресейге көлік са­тып алу мақсатында жолға шық­қан екен.  Алайда «байтал түгіл бас қайғы» дегендей, автобустағы өрт кезінде адамдарды сыртқа шығарып, жан алысып, жан бе­рісіп жүргенде құжаттары мен 1 миллион, 400 мың теңге көле­міндегі ақшасынан айырылады.

Автобус Семейдегі «Сұлу» авто­бекетінен шығыпты. Кейін Ержан автобекеттің басшы­лы­ғына хабарласып, адамдардың өмі­ріне немқұрайлы қарауға бол­майтынын айтқан. Бірақ авто­бекеттегілер автобустың Ре­сей еліне тиесілі екенін, бар­лық арыз-шағымды соларға ай­ту ке­рек екенін жеткізіпті. «Қоғам­дық көлік Семейге келген соң техникалық тексеру жүргізілуі керек. Мен осыны айтқанда автобекет басшысы телефон тұтқасын қоя салды. Содан бері жауаптан қашып жүр. Кейін маған мәс­кеулік заңгер автобус жолға шық­­пас бұрын Қазақстанда тек­се­рілуі керек екенін айтты. Бір­неше күн өткен соң жанып кет­кен ақшамды өндіріп алу үшін автобус иесін іздедім. Оны дос­тарымның көмегімен таптым. Бірақ ол маған тек 150 мың рубль ғана қайтарды» дейді бейбіт күн­нің батыры.

Осы оқиғадан кейін Ержанның ерлігіне сүйінген халық оны тө­бе­сіне көтеріп, алғыстарын ай­тып, ризашылықтарын білді­ре­ді. Семейлік жерлестері аты­­­нан жергілікті кәсіпкер, «Гор­дор­строй» ЖШС директо­ры Бауыр­жан Қайрамбаев 1 миллион теңге та­быстайды. Жақында көп жылдан бері пәтер жалдап тұратын кейіпкерімізге «Ланкастер» атты алматылық компанияның басшылары Семей қаласынан үй алып бергенін естідік.

Ержан Омарханов – 4 баланың әкесі. Негізінен кәсіпкерлікпен шұғыл­данса да, бір тиын алмас­тан грек-рим күресінен жат­тықтырушы ретінде шәкірт тәр­бие­леп, жарыстарға апарады. «Семейдің іргесінде Бобровка деген саяжайлы ауыл бар. Тұр­ғындары жан-жақтағы ауылдар­дан келген. Осы ауылдағы мек­тептің спорт залында 2013 жылдан бері балаларды күреске бау­лып жүрміз. Өзім осы күрес түрі­мен 12 жасымнан бастап айналысқанмын. Бізде 107 бала бар. Мен Әли Советханов деген бапкермен бірлесе жұмыс істеймін. Арнайы спорттық бі­лімім жоқ. 1990 жылдары білім алу­ға мүмкіндік болмады. Негізгі жұ­мысым – Ресей мен Қазақстан арасында көлік әкеп сату» дейді Ержан. 

Қуаныштысы сол, қайсар ж­і­гіт 2019 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үшін­­­ші кезеңінде жеңімпаз атан­ды.­

Сол кезде тілсіз жаудың құ­ры­ғынан аман шыққан жолаушылар әлі күнге дейін Ержанға хабарласып, жағдайын біліп тұрады екен. Айтпақшы, бейбіт күннің батырын былтыр Ресейдің танымал тележурналисі Андрей Малахов өз бағдарламасына қо­­нақ­қа шақырғаны да бел­гілі. Бі­рақ кейіпкеріміз бұл ұсы­ныс­тан бас тартыпты. «Ресей тіл­шілерінің арасында сол күні «Жолаушыларды басқа адам құтқарды» деп ақпарат тарат­қандары да кездесті. Маған еш­қандай да атақтың қажеті жоқ. Еш­уақытта біреуге хабарласып: «оларды мен құтқардым» деп жар салған емеспін. Бәріне бір Ал­ла куә ғой. Өтірік ақпарат тарат­қандарды өз ұяттарына қал­дырдым» дейді ол.

Көрші елге жиі қатынап тұ­ратын оны ресейліктердің көбі жақсы біледі екен. Барған жерінде танып, келіп, ризашылықтарын білдіріп, суретке түсетін көрінеді. Айтпақшы, дағыстандық саясаттанушы, журналист Руслан Курбанов өзінің инстаграммдағы парақшасында: «Егер бұл жерде ресейлік болғанда баяғыда-ақ ха­лық қаһарманы қылар едік. Ал шағын ғана шаһардан шыққан бұл қазақ ешқайда барып, ерлігін бұлдап жүрген жоқ. Оның еңбе­гін ескермедік. Ұмыттық» деп жазыпты.

Десек те, Ержан Омарханов­тың ерлігін туған халқы біле­ді. Сол үшін де құрметтеп, қадірлей­ді.

СЕМЕЙ

Бөлісу:
Қырық сегіз адамды қызыл жалыннан құтқарған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар