Қоғам
1 мин оқу 2,960

Моңғолиядағы Қазақстан азаматтары елге қайтарылды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігінің ұсынысымен, моңғол тарапының қолдауымен бүгін&nbsp; таңертенгі сағат 8.00-де Ұлан-Батыр &ndash; Нұр-Сұлтан бағыты бойынша "MIAT" Моңғолияның мемлекеттік әуе компаниясының арнайы чартерлік рейсі ұйымдастырылды. Осы ұшақпен Қазақстанның 96 азаматы елге қайтарылды, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="https://egemen.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Моңғолиядағы Қазақстан азаматтары елге қайтарылды

Олар Моңғолияға Қазақстаннан карантин енгізіліп, моңғол-ресей шекарасы жабылғанға дейін жеке сапармен келіп (жерлеу рәсіміне қатысу, емделу, жеке істерімен және туған-туысқандарына келу), осы елде қалуға мәжбүр болған азаматтар.

Елшілік Қазақстан азаматтарын елге қайтару мақсатында оларға бірқатар қолдау көрсетті. Ең бастысы аталған азаматтардың миграциялық тіркеулерін ұзарту мәселесін оңтайландырды. Бұның өзі Моңғолияда 3-4 ай қалуға мәжбүр болған азаматтар үшін қаржылық жағынан үлкен көмек болғанын атап өткен жөн.

Қуат УАТХАН,

Моңғолиядан

Бөлісу:
Моңғолиядағы Қазақстан азаматтары елге қайтарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар