Аймақтар
1 мин оқу 270

Атырауда есірткі жарнамалары өшірілді

<p style="text-align: justify;">Қаладағы көп қабатты үйлер мен ғимараттардың қабырғасына салынған синтетикалық есірткіні жарнамалайтын суреттер кездеседі. Бұл әрине, заңға қайшы, - деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда есірткі жарнамалары өшірілді

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері волонтерлермен бірге осындай жарнама тұрғысындағы граффити жазуларды өшіруге кірісті. Олар екі күн ішінде 50-ден астам жазуды өшірді.

"Атырау облысының полиция департаменті тұрғындарды адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін есірткінің таралуына бейжай қарамауға және оған қарсы күресте азаматтық ұстанымды белсенді түрде көрсетуге шақырады", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Атырауда есірткі жарнамалары өшірілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар