Аймақтар
1 мин оқу 630

Атырауда 11 жасар бала Жайыққа батып кетті

<p style="text-align: justify;">Кеше кешкісін жоғалып кеткен баланың өлі денесі Жайық өзенінен табылды, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда 11 жасар бала Жайыққа батып кетті

Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.  Бүгін, 11 маусымда түнгі сағат 01:56-де 11 жасар баланың жоғалғаны туралы хабар түсіпті. Жоғалған бала Атырау қаласының маңындағы Еркінқала-2 кентінде тұрған. 

Ол кеше, 10 маусымда кешкі сағат 18:00 шамасында із-түссіз жоғалып кеткен.

"Іздестіру кезінде бала тұрған ауданның барлық төңірегі тексеріліп, жергілікті тұрғындардан сұрастырылды.  Жайық өзенінің жағалауынан велосипед пен баланың заттары табылды. Ал, сағат 8:10-да департаменттің Жедел-құтқару жасағының 5 қызметкері, 1  техника, 1 кинологиялық құрам, 1 жүзу құралымен Жайық өзені тексерілді. Өкінішке орай жоғалған баланың денесі өзеннің суға түсуге жабдықталмаған жерінен шығарылды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Атырауда 11 жасар бала Жайыққа батып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар